Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің сайлауын 2021 жылғы 5 қыркүйекке тағайындау туралы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының ШЕШІМІ
‘‘ _6_’’ тамыз 2021 жыл № 7
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2021 жылғы 5 қыркүйекке тағайындау
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 5 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2021 жылғы 5 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Аталған ауылдық округтің әкімдігі Бөрлі ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге сайлау өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
- Осы шешім аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести», «Будни Аксая» газеттерінде және Бөрлі ауданы аппараты сайтта жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Каналин