Жоба
Бөрлі ауданы әкімдігінің «Бөрлі ауданының Ақсай қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекіту туралы» 2022 жылғы 5 шілдедегі № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөрлі ауданының Ақсай қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Бөрлі ауданының Ақсай қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бөрлі ауданының Ақсай қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.