"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат
беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
портал арқылы жүгінген кезде – 30 (отыз) минут.
Қажетті құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған күннен бастап өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
www.egov.kz немесе www.migration.enbek.kz порталдарында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Еңбекші көшіп келушіге мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (жұмыс беруші-жеке тұлға (бұдан әрі – жұмыс беруші) жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде заңнамаға (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.gov4c.kz;
2) Порталда – www.egov.kz;
3) www.migration.enbek.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1. Рұқсат алу кезінде:
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш (өтініштің көшірмесі беріледі);
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қабылдау күні мен Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы көрсетілген түбіртектің қабылданғаны туралы белгілеп, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама) (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
6) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:
1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "бірыңғай сақтандыру деректер базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі;
2. Рұқсатты ұзарту үшін:
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) жұмыс беруші мен шетелдік қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қызметті алушыға қайтарылады);
3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
5) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
Рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:
1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзарту туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) шетелдік азаматтығының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
5) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
6) жеке табыс салығы бойынша төлем болу аумағына сәйкес келмейтін мемлекеттік кірістер органдарына төленген;
7) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 360-бабының 2-тармағында немесе 658-бабының 5-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем сомасының сәйкес келмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар;
2) физикалық мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіреберістер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777.
4) көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz немесе www.migration.enbek.kz порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар

Дата публикации
13 марта 2025