№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

Батыс Қазақстан

облысы

Бөрлі  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Территориальная избирательная

комиссия Бурлинского района  

Западно-Казахстанской области

 

ҚАУЛЫ

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

11 қазан 2024 жыл №2

 

 

 

№  8  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі  ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

     

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы  негізінде Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бөрлі ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Бөрлі аудан мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести » аудандық газетінде және Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

 

Төраға                                                                      Е.Каржауов

 

 

Хатшы                                                                     Л.Шукаева

 

Дата публикации
11 октября 2024