БӨРЛІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БӨРЛІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Ақсай қаласы                               № 2                             13 мамыр 2024 жыл

 

 

 

2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Бумакөл ауылдық  округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына,                 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бөрлі аудандық  сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 28 мамыр күні сағат 18.00-де Бумакөл ауылындағы «Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының Бумакөл ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2022 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Бөрлі аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Ж. Имашеваға жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

                        Төраға                                                 Е.Қаржауов

Дата публикации
22 мая 2024