Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң үлгiлік қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
- Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының ауылдық округтер аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы белгілінсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мәслихат төрағасы
|
К.Ермекбаев
|