ПРИУРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
БӨРЛІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 10 желтоқсан күні Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №42 шешімімен Приурал ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Акмамбетов Дастан Тлеккалиевич, 1974 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында тұрады, өзін - өзі ұсынды.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы