Бөрлі аудандық аумақтық Сайлау комиссиясының шешімі

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Приурал  ауылдық  округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

   

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына,                 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бөрлі аудандық  сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 29 қараша күні сағат 17.00-де Приурал ауылындағы «Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының Приурал ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Бөрлі аудандық сайлау комиссиясының мүшесі А.Дюсеновқа жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

       Аудандық аумақтық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                                 Е.Қаржауов

Дата публикации
21 ноября 2023