Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында (6, 7, 9, 18 және 23-баптар) азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы көзделген.
Жеке тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мемлекеттік органдардан тиісті ақпаратты сұратады, алады және осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар, 2022 жылғы 10 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында азаматтардың бюджет қаражатын жұмсаудан қоғамдық мүдделер үшін жағымсыз себептерді анықтау мақсатында қоғамдық мониторинг жүргізуге құқығы бар екендігі көрсетілген.
«Әділдік жолы» РҚБ БҚО бойынша филиалымен Мемлекеттік сатып алу порталының тәуелсіз қоғамдық мониторингінің курсы өткізілуде. Мақсаты: мемлекеттік сатып алудың түпкілікті бенефициары-халық екенін барлығына түсіндіру (азаматтарды мемлекеттік сатып алудың тұрақты мониторингі үшін (жұмыстарды/қызметтерді сапалы орындау, бюджет қаражатын толық игеру және тапсырыс берушілерге, оның ішінде әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға көмек көрсету үшін) және қоғам үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуға дайындау.
Егер Сіз бюджет қаражаты есебінен Бөрлі ауданында жүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстарының қоғамдық мониторингіне қатысуға ниет білдірсеңіз, «Әділдік жолы» РҚБ БҚО бойынша филиалының басшысы Зәки Ахметжанұлына (тел: 8701 3012285, baurjanzaki@gmail.com) хабарласуға болады.