Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бөрлі аудандық мәслихатының «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №23-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3728 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты шешім қабылдады:»
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.