Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 1 қаңтардағы №72 –V мен Қазақстан республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидасын» басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.
Күн тәртібінде: Пугачев ауылдық округіне қарасты елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау жөніндегі мәселе.
Уақыты мен өтетін орны: Пепел ауылы, 2023 жыл, 17 мамыр, сағат 10.00-де.
Байланыс телефондары: Пугачев ауылдық округінің әкімдігі: 87113326180, 87113326033.
Пугачев ауылдық округінің әкімі.