Бөрлі ауданы бойынша іске асырылып жатқан немесе жоспарланған нақты 5 ірі инвестициялық жобалар:

1) «БӨҚС» ЖШС (Дарханов Н.А.) – Ақсай қаласында мектепке дейінгі және қосымша білім беруорталығының құрылысын бастады, инвестиция көлемі – 800,0 млн.теңге,  2020 жылдың аяғына құрылыс  аяқталады,30 тұрақты жұмыс орны ашылады деп болжамдалды;

 

2) «Наз Тур» ЖШС (Елеусинов Л.Ж.) – Ақсай қаласында ірі құрылыс дүкенінің құрылысы жүргізілуде, инвестиция көлемі500,0 млн.теңге, құрылыстың аяқталуы 2020 жылдың соңына жоспарланған. Жоба іске қосылған күні 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.  Оған қоса, аталған кәсіпорын Ақсай қаласында үш қабатты мейрамхана құрылысын бастады;

 

3) «Аir grupp» ЖШС (Саратаев Н.А.) – Ақсай қаласында қазіргі заман талаптарына сай көліктерге техникалық қызмет көрсететін станциясы құрылысын бастап кетті, инвестиция көлемі – 100,0 млн.теңге, 2020 жылдың 2 жарты жылдығында құрылыс  аяқталады деп болжамдалды.  Құрылысты жүргізу кезіңде 12 уақытша жұмыс орны, ал біткен соң 25 тұрақты жұмыс орны ашылады;

 

4) «Адал Арна Алматы» ЖШС-і (Кабдрахманов М.С.)Бөрлі ауданының «Пепел» теміржол разъезінде   «Асфальт-бетон зауытының  құрылысы»   жобасын  іске асыруда. Жоба – аймақтық кәсіпкерлікті қолдау картасына еңгізілді.   Жоба  құны  шамамен 1,4 млрд. теңгені құрайды.     2021 жылдың аяғына құрылыс  аяқталады, 50-70 тұрақты жұмыс орны ашыладыдеп болжамдалды;

 

5) «Достық -Қоныс» ЖШС (Шектебаев К.)Ақбұлақ  ауылында 3000 ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құрылыстың аяқталуы 2022 жылға жоспарланды. Жоба құны 1,0 млрд  теңге, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады,12 жаңа жұмыс орны ашылады деп болжамдалды.

«БӨҚС» ЖШС
Дата публикации
05 июня 2020