Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 777 «Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бөрлі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:
ересектерге – 120 (жүз жиырма) теңге көлемінде.».
2. Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсановқа жүктелсін.
4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Сатканов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөлі аудандық мәслихатының хатшысы
________________ К.Ермекбаев
«_____» ______________2021 жыл