2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2022-2024 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 716 380 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 5 230 681 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 33 201 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 48 109 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 404 389 мың теңге;

2) шығындар – 6 143 213 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -913 252 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 913 252 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 486 419 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 486 419 мың теңге:

қарыздар түсімі – 1 258 976 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 745 395 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

2. 2021 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 3 - тармағына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9,11,14- баптары қатерге және басшылыққа алынсын.

4. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 663 365 мың теңге көлемінде ескерілсін:

факторлық-баллдық шкалаға негізделген мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне – 323 474 мың теңге;

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар-17 153 мың теңге;

Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту- 7 460 мың теңге;

Арнайы қозғалыс құралдары (кресло-арбалар)-7 070 мың теңге;

Санаторлы-курорттық емдеу- 6 101 мың теңге;

Сурдотехникалық құралдар- 3 249 мың теңге;

Тифлотехникалық құралдар- 4 011 мың теңге;

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына- 5 881 мың теңге;

әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру – 6 000 мың теңге;

Приурал ауылының кіреберіс автожолын орташа жөндеу- 11 040 мың теңге;

Ақсай қаласындағы оныншы шағынауданда №27А тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйді салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 758 976  мың теңге;

Ақсай қаласындағы оныншы шағынауданда №26 тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйді салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 500 000 мың теңге;

Ақсай қаласындағы  оныншы ықшамаудандағы тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйге қазандық орната отырып, үй маңы аумағын салу және абаттандыру (39-белгі)- 12 950 мың теңге.

5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

6. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 102 198 мың теңге көлемінде бекітілсін.

7. 2022 жылға арналған төмен тұрған бюджеттерге субвенциялар сомасын бөлу және бюджеттік алып қоюлар 593 335 мың теңге көлемінде 4 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
26 ноября 2021