Кеңтүбек ауылында 11 тұрғын қоныс тойын тойлады.
Кеңтүбек ауылы биыл су тасқыны кезеңінде су тасқынының бірнеше кезеңінен өтті. Аулалардың бір бөлігі суда қалды. Комиссия тұрғын үй құрылыстарына тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша 11 отбасына арналған үйлер салу туралы шешім қабылданды. Мердігер "Наурыз" құрылыс компаниясы. Жұмыс 4 айға созылды. Мердігер «Наурыз» құрылыс компаниясының құрылысшылары нысандарды уақытында тапсырды. Бүгін тұрғындарға ресми түрде жаңа үйлердің кілттері табысталды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ауыл тұрғындарының алдында тілектерін білдірді.
23.07.2024ж күні Кентүбек ауылдық округінде Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімінің мемелекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Үлкенге құрмет» жобасы аясында Кентүбек, Қарақұдық, Қарағанды, Пугачев ауылдық округтарының ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сай бүгін сағат 10:00-де "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында облыс көлемінде бір уақыттағы сенбілік Кеңтүбек ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Шараға 20 шақты мекеме қызметкерлері ат салысып, ауыл іші тазартылды.
#ТазаҚазақстан
#республикалықэкологиялықакция
4-6 шілде аралығында Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка жерінде «Әкелер даңқы жолымен» атты аудандық дәстүрлі спорттық-туристік слеті өтті. Жарысқа ауданының 13 ауылдық округі командаларынан 500-ге жуық спортшы қатысты. Сайыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың абройын көтеріп, бұқаралық спортты дамыту. Сен тұр мен атайын деген мықтылар сайысына барлық ауылдық округ командалары қатысты.
Жарыс шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Дулат Имашев және ауданымыздың спорт ардагері Қабделжамел Насипов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша дала газеті байқауында жарсуаттық команда мықтылығын танытты. Бөрлі ауылының командасы тұратын орындарын сайлауда жеңімпаз атанды. Білектілер сынға түскен арқан тартуда Кеңтүбек аулының командасын ешкім жеңе алмады. Су жағасында орналасқан Бумакөл ауылының комадасы су туризмінен және спорттық бағдарлаудан алдына ауыл салмады. Туристік өткелдер байқауы мен саябақ волейбол
23 маусым Қазақстан Республикасының полиция күні мерекесі қарсаңында Кеңтүбек ауылдық округі бойынша учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Асхат Серикович Каукеев ағымдағы жылы наурыз айында төтенше жағдай орын алып су тасқыны кезінде көрсеткен ерең еңбегі мен қайсарлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
@police_burlin
Ағымдағы жылдың шілде айының 09-10 күндері аралығында Кеңтүбек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант А.С.Каукеевтің ұйымдастыруымен "Интернет алаяқтық" алдын алу шарасы өткізілді. Шара мақсаты: зейнет жасындағы ауыл тұрғындарына интернет алаяқтықтың құрбаны болмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп ақпарат беріліп үнпарақтар таратылды.
Ағымдағы жылдың шілде айының 04 күні Кеңтүбек ауылдық округі бойынша Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының әдіскері А.Мухтарова мен Бөрлі АПб-нің ЖПҚб УПИ полиция аға лейтенанты А.Каукеевмен бірлесе жаз мезгілінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында өзен жағалауына барып, халыққа "Суға түсу" қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, брошюралар таратты.
Ағымдағы жылдың наурыз айындағы көктемгі су тасқыны салдарынан тұруға жарамыз болған ауыл тұрғындары үйлерінің орнына жаңадан 10 тұрғын үйдің құрылысы басталып, қазіргі таңда 5 тұрғын үйдің жары көтеріліп, терезелері салынып, төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 5 тұрғын үйдің құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Мердігер "Наурыз" құрылыс компаниясы.
Ақсай-Кеңтүбек бағытындағы тас жолында жол жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 14 км, ені 6 метр, қазіргі таңда 2,5 км жолдың асфальті төселді. Сонымен қатар, 1,5 км асфальт төсеуге дейінгі дайындық жұмыстары жасалған.
Мердігер компаниясы “Айдана” ЖШС.
Кеңтүбек ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халық алдында есептік кездесулер өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес округ әкімінің есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуде Бөрлі ауданының әкімі Ихсанов Еркебұлан Нұретдинұлы аудан көлемінде атқарылған, жоспарланған жұмыстар туралы және Кентүбек ауылдық округінің әкімі Нурлан Талаптанович ағымдағы жылдың I жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстары мен алдағы уақытқа жоспарлары туралы баяндамалары тыңдалып, халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.