«Pkrezerv.gov.kz» тіркелу бойынша нұсқаулық

«Pkrezerv.gov.kz» тіркелу бойынша нұсқаулық

Ең алдымен 2021 ЖЫЛҒЫ 1–30 ҚЫРКҮЙЕК аралығында PKREZERV.GOV.KZ сайтына тіркеліп, өтініш беру керек. Ол үшін үміткерге келесі қадамдарды орындау қажет:

1️⃣ «PKREZERV.GOV.KZ» сайтына өтіп, «Тіркелу» батырмасын басу.
2️⃣ Ашылған нысанда тіркеу деректерін толтырып, Пайдаланушы келісімінің шарттарымен танысып, оны қабылдау және электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою.
Сәтті тіркелгеннен кейін үміткерге ЖСН мен көрсетілген пароль бойынша кіру қолжетімді болады.
3️⃣ Содан кейін үміткер сауалнамасын толтыру қажет. Бірақ алдымен ЖСН мен тіркелу кезінде көрсетілген пароль бойынша авторизациядан өту қажет.
4️⃣ Ашылған үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болатын «Менің сауалнамам» бөліміне өту.
5️⃣ Қажетті ақпаратты көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркегеннен кейін «Сақтау» батырмасын басу.
Одан кейін барлық көрсетілген ақпарат үміткердің сауалнама бөлімінде сақталады.
6️⃣ Келесі қадам – іріктеуге қатысуға өтінім беру.
‼️‼️‼️Назар аударыңыз! Іріктеуге қатысуға өтінімді үміткердің сауалнамасын толтырғаннан кейін ғана жібере аласыз‼️‼️‼️
Ол үшін жеке кабинеттегі «Менің сауалнамам» бөліміне кіріп, «Іріктеуге қатысу» батырмасын басу керек.

Таңдалған әрекетті растағаннан кейін қатысуға өтінім жіберіледі✔️ 👍