Жеке тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді

Жеке тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді

Жеке тұрғын үйлердегі қауіпсіздік талаптарын сақталуын қадағалау мақсатында, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жалдамалы коммуналдық үйлерге заңсыз пәтер жалдаушыларды жіберуді болдырмау мақсатында арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілді. Комиссия төрағасы аудандық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Ташуов, мүшелері: аталмыш бөлімнің бас маманы Ж.Мухитов, Сайқын ауылдық округінің әкімі Н.Умарова, аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы А.Сагитов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы А.Нургалиев, АҚ "КазТрансГазАймақ" газ шаруашылығының шебері Р.Габитов. Тексеріс барысында қауіпсіздік жөнінде түсінік беріліп, таратпалар таратылып, кейбір үй тұрғындарының дабыл қаққыштарының айырулы тұрғаны анықталды. Дабыл қаққыштың маңыздылығы туралы түсінік беріліп, айырмау керектігі айтылды.