Жол құрылысы бойынша кеңес

Жол құрылысы бойынша кеңес

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов төрағалық еткен бұл жиында жол құрылысының жүзеге асу барысы, жұмыстағы түйткілді мәселелер мен жергілікті атқарушы билік тарабынан қойылатын талаптар мен ескертпелер ортаға салынды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Ташуовтың мәлімдеуінше облыс орталығында қатынайтын жолдың 0-53 шақырымына "Атырау жолдары" ЖШС, 50-103 шақырымына "АқЖолҚұрылыс" ЖШС-і жауапты.
Аудан орталығындағы 14 көшеге асфальт төселмекші. Оның жалпы ұзындығы 12,68/%. Одан өзге 16 көшенің жол құрылысына қатысты сметалық құжаттар дайын.
Мердігерлер жол құрылысын қарқынды қолға алуға күн ара жауып тұрған жаңбыр кедергі екенін айтады.
Жиналысты түйіндеген аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов мердігерлерге
1. Жергілікті азаматтарды жұмысқа көптеп тарту;
2. Қызметке қабылдауда еңбек кодексіне қатысты барлық заңдылықтың қатаң сақталуын;
3. Жол бойындағы қауіпсіздік белгілерінің орналасуын дер кезінде ұйымдастыру сияқты бірқатар талаптар қойды.