Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2022 жылы 6 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша Орда ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
1.Айткалиев Алибек Канатбаеич – 1970 жылы туған. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс тәрбие орталығы» МКҚК директоры.
2.Жумабекулы Бекбол – 1979 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Сайқын ауылдық округі аппаратының бас маманы.
3.Топасов Нуркен Мендигулович – 1987 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы –шаруашылық бөлімінің басшысы.