Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 4 тамыз күні Орда ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін-өзі ұсыну жолымен Жумабекулы Бекбол аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, 2006 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» және 2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарады.