Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 26 шілдесі күні Орда ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, «AMANAT» саяси партиясының ұсыну жолымен Айтқалиев Әлібек Қанатбайұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс тәрбие орталығы» МКҚК директоры қызметін атқарады.