Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 25 шілдесі күні Орда ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін-өзі ұсыну жолымен Топасов Нуркен Меңдіқұлұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, 2009 жылы - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша және 2011 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы боынша бітірген.
Қазіргі кезде Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының құжаттарды қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарады.