Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес 2022 жылы 16 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша Бисен ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
1. Абдуллин Чингиз Турарбекович – 1985 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылының тұрғыны. Қазіргі уақытта Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.
2. Курмашев Кенжебек Аскарович – 1976 жылы туған. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. Бисен ауылдық округі Бисен ауылының тұрғыны. Қазіргі уақытта Бисен ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.
3. Насыров Миллат Талгатович – 1987 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылының тұрғыны. Қазіргі уақытта Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығының "Нарын" музыкалық аспаптар ансамблінің жетекшісі болып жұмыс істейді.