2022 жылғы 6 мамырда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-3-бабына сәйкес, Бисен ауылдық округінің әкіміне үміткер болып "Amanat" партиясының ұсынуымен Құрмашев Кенжебек Асқарұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тұрғыны. Білімі-жоғары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "тарих және география" мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі уақытта Бисен ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.