Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілде күні Саралжын және Темір Масин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.
Сайлау қортындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 шілдедегі ШЕШІМІМЕН Саралжын, Темир Масин акуылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидиттар тіркелді:
Темір Масин сайлау округі – Қитанов Мендібай, 1961 жылы туған, Темір Масин ауылдық округінің әкімі, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Саралжын ауылдық округі – Кереш Нарынбек Сегізбайұлы, 1979 жылы туған, Саралжын ауылдық округінің әкімі, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Комиссия төрағасы Б.Лұқпанов
Комиссия хатшысы Ж.Айткалиева