1. Бөкей ордасы ауданы бойынша 2 ауылдық округ әкімдігіне 4 кандидат ұсынылып, тіркеуден өткізілді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (тіркеуден бас тарту туралы) арыз-шағымдар түскен жоқ.
Сайлау округтері бойынша дауыс беру бюллетендеріне өзгерістер енгізілген жоқ. (кандидаттықтан бас тарту, кандидаттықа ұсыну туралы шешімнің күшін жою, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою).
2. Дауыс беру бюллетендері сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервпен дайындалды. Бюллетендер барлық сайлау учаскелеріне жеткізілді. Полиция күзетімен сақталып тұр.
3. Барлық 4 сайлау учаскелерінің дауыс беретін орындары Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген нұсқаулығына сай қамтамасыз етілген.
Барлық сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия мүшелерінің, прокуратура және сот органдарының телефондары, сайлау учаскелері комиссиясы төрағалары бекіткен дауыс беруге арналған үй-жайында тәртіп сақтау ережесі ақпараттық тақталарда ілінген.
Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға, дауыс беру кезінде ерекше шарттарды талап ететін сайлаушыларға жағдайлар жасақталады. Көзі нашар көретіндер (Брайль шрифтісімен дайындалған) трафареттер және лупалар қолданатын болады.
4. Сайлау өткізу науқанына 27 комиссия мүшелері қатысады.
5. Актпен әкімшіліктен алынған сайлаушылар тізімдеріне 1308 адам енгізілген.
6. Дауыс беру уақытына өзгеріс енгізу туралы аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдаған жоқ.
7. COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын шектеудің қажетті шаралары алынуда.
Сайлау кезінде электр жарығының, байланыстың үзіліссіз болуы, қоғамдық тәртіптің сақталу мәселелері аудан әкімінің қатысуымен өткізілген селекторлық кеңесте қаралды.
Сайлау комиссиялары сайлау өткізуге дайын.