2021 жылғы 9 шілде күні сағат 18.00-де ауылдық округ әкімдіктеріне кандидаттар ұсыну кезеңі аяқталды.
Бөкей ордасы ауданы бойынша 4 кандидат ұсынылған болатын. Олардың екеуі «Nur Otan» партиясынан ұсынылғандар. 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылғандар.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша 2 ауылдық округтерге 2 кандидаттан, барлығы 4 кандидат ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған немесе баламасы болмай қалған жағдайда (сайлау округінде 2-ден кем кандидат болған кезде) Заңға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесі күні 4 кандидат тіркелді. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сай кандидаттарды тіркеу қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.