Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2021 жылы 10 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша Темір Масин ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
1. Китанов Мендибай - 1961 жылы туған. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Темір Масин ауылдық округі Бөрлі ауылының тұрғыны. Жұмыс орны - Темір Масин ауылдық округінің әкімі.
2. Абдрешова Айнур Муратовна - 1977 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Темір Масин ауылдық округі Бөрлі ауылының тұрғыны. Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінің директоры.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша Саралжын ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
1. Кереш Нарынбек Сегізбайұлы - 1979 жылы туған. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Саралжын ауылдық округі Саралжын ауылының тұрғыны. Саралжын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2. Сисенгалиев Жоламан Бауыржанович – 1985 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.