Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну туралы хабар - 03.07.2021

Қазақстан Республикасының  «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының  113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 3 шілдесі күні   Темір Масин  ауылдық округі  әкіміне  үміткер  болып, «Nur Otan» саяси  партиясы  ұсынуымен  Қитанов Меңдібай  аумақтық сайлау комиссиясына  тиісті құжаттарын тапсырды.  Ол Бөкей ордасы  ауданы  Темір Масин ауылдық округі Бөрлі ауылының тұрғыны.  1986ж.  Орал совхоз-техникумын  зоотехник мамандығы бойынша  бітірсе, 2007 жылы  Батыс Қазақстан  гуманитарлық академиясын "заңгер" мамандығы бойынша  тамамдаған. Қазіргі  уақытта  Темір Масин ауылдық округі әкімі болып жұмыс жасайды.

Саралжын ауылдық  округі  әкіміне  үміткер  болып , «Nur Otan» саяси  партиясы  ұсынуымен  Кереш Нарынбек Сегізбайұлы   аумақтық сайлау комиссиясына  тиісті құжаттарын тапсырды.

Ол  Бөкей ордасы ауданы  Саралжын ауылының тұрғыны. 2000 жылы  Орал аграрлық-техникалық колледжін "ветеринарлық  дәрігер" мамандығы бойынша бітірген,  2018 жылы  Қазақстан  инновациялық және телекоммуникациялық  университетін  "заңгер" мамандығы бойынша  бітірген. Қазіргі  кезде  Саралжын ауылдық округі әкмінің  міндетін атқарушы болып  жұмыс жасап жүр.

Бөкей ордасы  аудандық аумақтық   сайлау комиссиясы   ауыл  әкімдеріне  үміткерлерді    Қазақстан Республикасының  «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына  сәйкестігін  анықтайтын болады.

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
29 қараша мәслихаттар депутаттарының сайлауы
15 октября 2026
БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҢ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
14 октября 2026
29 қараша

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы