Орда ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, 2025 жылғы 17 тамыз күні Орда ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 18 тамыздағы №28 шешімімен Орда ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді – Махимов Ғайса Темірболатұлы, 1971 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.