БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ ОРДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ ОРДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылдың 17 тамызында Бөкей ордасы ауданының Орда сайлау округі бойынша Орда ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1762 азамат енгізілді, оның – 557 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 20, «Барлығына қарсы» - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Каресов М.Б. - 43 (8,08%)

Махимов Ғ.Т. - 443 (83,27%)

Топасов Н.М. - 46 (8,65%)

Орда ауылдық округінің әкімі болып Махимов Ғайса Темірболатұлы сайланды, 1971 жылы туған, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК директоры, Хан Ордасы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

 

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ ОРДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
17 августа 2025