2025 жылғы 17 тамызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданының Орда ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Орда ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1.2025 жылғы 17 тамызға тағайындалған Бөкей ордасы ауданының Орда ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 7 тамызы күні сағат 11.00-де Орда ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
2.Осы шешім Орда ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
3.Осы шешім Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
4.Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Н.М.Болаткалиевке жүктелсін.
5.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы төрағасы Б.Жумабекулы