БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 27 шілдесі күні Бөкей ордасы ауданының Орда ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Каресов Медет Болатұлы, 1989 жылы туған, «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, Сайқын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Махимов Ғайса Темірболатұлы, 1971 жылы туған, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК директоры, Хан Ордасы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
- Топасов Нүркен Меңдіғұлұлы, 1987 жылы туған, «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құжаттарды қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Сайқын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы