Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі
әкімдігіне кандидаттарды
ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
(2025 жылғы 17 тамыздағы сайлау)
2025 жылғы 22 шілдедегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша
- Каресов Медет Болатұлы, 1989 жылы туған, «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, Сайқын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Махимов Ғайса Темірболатұлы, 1971 жылы туған, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК директоры, Хан Ордасы ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
- Топасов Нүркен Меңдіғұлұлы, 1987 жылы туған, «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құжаттарды қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Сайқын ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы