Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІМ:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөкей ордасы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
|
Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №1 шешіміне қосымша
|
|
|
|
Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №14 шешiмiне қосымша |
№60 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан көшесі, 37 үй, Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекарасы: Хан Ордасы ауылы және Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң батыс бетi, Макар ауылы, Жігер, Сатқан, Хамит, Игілік, Соқыр қарт, Соқыр қарт 2, Абай, Курорт, Мақсот, Бескарта, Көпмола, Бозай, Сүйiнәлi, Айтәлі, Қуанәлі, Сахауов, Ерғай, Жарас, Бықыш, Бармақ, Жігер, Набиолла, Шайтан, Ғалымжан, Арон қыстақтары.
№61 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қарасу ауылы, 1 У көшесі, 24 үй, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Қарасу бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Қарасу ауылы, Қараорыс, Ахметов, Қарақұл, Ж.Еркін, И.Жарас, Ысық, Сапар, Адок, Самат, Мат, Мешітқұм, Бесбала, Қандыағаш, Жарошев, Майлы қуыс, Сату, Бибол, Тимук, Солдат жиде, Сыралы, Қарабала, Мәлтік, Жаңа талап, Бекес, Каки, Кадими, Жаңадвор, Хан Ордасы, Бабай сад, Арсан, Жыра, Қамеш-1, Қамеш-2, Стан, Бәтен, Қареке, Қарес қыстақтары.
№62 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Үштерек ауылы, 1 У көшесі, 28 үй, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Үштерек бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Үштерек ауылы, Ақсай, Қауыс, Қауыс-2, Стрижка, Заготскот, Сырым, Қожахмет, Ескi мектеп-1, Ескі мектеп-2, Ұлмекен, Стан, Ақсор, Қараболтек, Жокер, Шау, Батя, Ескендiр, Абдол, Ырсалы, Сансызбай, Жанадвор, Алпыстау, Аққыстау, Ебін, Қоңырбай қыстақтары.
№63 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Сейітқали ауылы, 1 У көшесі, 4 үй, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Алғашық бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Сейтқали ауылы, Жасан, Шумный, Менай, Кіші Менай, Ризуан, Бекен, № 1 пункт, № 2 пункт, № 3 пункт, Фангерей, Қадырбек, Берік, Біржан, Қабес, Есмағұл, Ақтенге, Уап, Сырға, Арыстанғай, Сайын, Шәміш, № 6 пункт, Елтай, Ташу, Раушан, Р.Махсот, Фарух, Дорба, Еркін, Тнәлі, 40 үй, Комплекс, Серік, Тасқали, Айтен, Қ.Амангелді, Аманжол, Темірхан, Құрес қыстақтары, Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң шығыс бетi.