Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылдың 17 тамызына тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі

әкімінің сайлауын 2025 жылдың 17 тамызына тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 17 тамызына тағайындалсын.

2.2025 жылдың 17 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.

4.Осы қаулының көшірмесі Бөкей ордасы ауданының әкіміне жолдансын.

    5.Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.

    6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

       Бөкей ордасы ауданының аумақтық

       сайлау комиссиясы төрағасы                                  Б.Жумабекулы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылдың 17 тамызына тағайындау туралы
Дата публикации
09 июля 2025