Саралжын ауылдық округі әкімін тіркеу туралы Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 мамыр күні Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

         Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 19 мамырдағы №8 шешімімен Саралжын ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді – Кереш Нарынбек Сегізбайұлы, 1979 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
19 мая 2025