2025 жылдың 18 мамырында Бөкей ордасы ауданының Саралжын сайлау округі бойынша Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 577 азамат енгізілді, оның – 367 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсы» - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бижанов А.Ж. - 27 (7,58%)
Егінғалиев А.Н. - 39 (10,96%)
Кереш Н.С. - 290 (81,46%)
Саралжын ауылдық округінің әкімі болып Кереш Нарынбек Сегізбайұлы сайланды, 1979 жылы туған, «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім. Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы