Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІМ:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөкей ордасы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
|
Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №1 шешіміне қосымша
|
|
|
|
Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №14 шешiмiне қосымша |
№ 71 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Саралжын ауылы, М. Мәметова көшесі, 19 үй, Саралжын ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекарасы: Саралжын ауылы, Мұстақи, Сүйектi жыра, Мол жыра, Шүкiр бөгетi, Керебай, Лайкөл, Бозкөлмек, Қызыл ой, Еңбидайық, Теректi жыра-1, Теректi жыра-2, Қарақұдық, Ақ ой, Ысық ой, Қара ой, Қаженқұдық Саралжын ауылының Т.Әубәкіров көшесі, Бескөл ауылы, Көкмола, Қара ой, Сары ой, Қабан жыра, Құрманкөл-1, Құрманкөл-2 қыстақтары.