Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2023 жылдың 10 қаңтары күні Сайқын ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін –өзі ұсыну жолымен Сисенғалиев Жоламан Бауыржанұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2008 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Бөкей ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2023 жылдың 12 қаңтары күні Сайқын ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, «AMANAT» партиясының ұсынуымен Абдуллин Чингиз Тұрарбекұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын 2008 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2023 жылдың 12 қаңтары күні Сайқын ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін –өзі ұсыну жолымен Дауленов Даурен Жасқайратұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін 2011 жылы «Эколог» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарады.
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы