Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 12 ақпанына тағайындалсын.
- 2023 жылдың 12 ақпанына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- 4. Осы шешім аудандық «Орда жұлдызы» газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Н.Сабиров