Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 26 шілдесі күні Орда ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, «AMANAT» саяси партиясының ұсыну жолымен Айтқалиев Әлібек Қанатбайұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын «Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс тәрбие орталығы» МКҚК директоры қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 3 тамыз күні Орда ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін –өзі ұсыну жолымен Кшимов Айдар Бауыржанұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді, 2012 жылы -Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Қайта өндеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратның ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 4 тамыз күні Орда ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін-өзі ұсыну жолымен Жумабекулы Бекбол аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді,
2006 жылы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» және 2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2022 жылдың 5 тамыз күнгі 01/1202 қатынас хатына орай, Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 5 тамыздағы № 10 шешімімен Орда ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат болып, өзін –өзі ұсынған Кшимов Айдар Бауыржанұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігіне байланысты тіркеуден бас тартылды.