Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2022 жылы 6 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша Орда ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
1.Айткалиев Алибек Канатбаевич –1970 жылы туған. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс тәрбие орталығы» МКҚК директоры.
2.Жумабекулы Бекбол – 1979 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Сайқын ауылдық округі аппаратының бас маманы.
3.Топасов Нуркен Мендигулович – 1987 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Сайқын ауылдық округі, Сайқын ауылының тұрғыны. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы –шаруашылық бөлімінің басшысы.