Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 5 шілдесі күні Саралжын ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін-өзі ұсыну жолымен Сисенғалиев Жоламан Бауыржанұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны, жоғары білімді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Бөкей ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарады.