Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 3 шілдесі күні Саралжын ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынуымен Кереш Нарынбек Сегізбайұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округі, Саралжын ауылының тұрғыны, жоғары білімді. 2000 жылы Орал аграрлық техникалық колледжін «Ветеринарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Саралжын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып жұмыс атқаруда.