ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 29 мамырда Бөкей ордасы ауданының ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті. Бөкей ордасы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2-тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылдық округі әкімің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Бисен сайлау округі
Бисен ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1641 азамат енгізілді, соның ішінде __1426 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -_19_, «барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар - 14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдуллин Ч.Т. - 169
Курмашев К.А. - 941
Насыров М.Т. - 283
Бисен ауылдық округінің әкімі болып Құрмашев Кенжебек Асқарұлы сайланды, 1976 жылы туған, атқаратын жұмысы Бисен ауылдық округінің әкімі. Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылдық округі, Бисен ауылы. «AMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы