ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 25 шілдеде Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі.
Темір Масин ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне ___693_______ азамат енгізілді, соның ішінде __629___ адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны___12__. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдрешова А. – 83
Китанов М. 529
Темір Масин ауылдық округінің әкімі болып Китанов Мендібай сайланды. 1961 жылы туған, атқаратын жұмысы Темір Масин ауылдық округінің әкімі. Мекен-жайы Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы.
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған.
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы