Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

ХАБАРЛАМА

         2021  жылғы  25 шілдеде   Бөкей ордасы ауданының Саралжын  ауылдық округі  әкімінің  сайлауы  өтті.

       Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  113-11 бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері  туралы учаскелік сайлау комиссияларының  хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын  белгіледі.

Саралжын  ауылдық округі әкімін сайлауы  бойынша:

        Сайлау округі  бойынша  сайлаушылар тізіміне  615  азамат енгізілді, соның ішінде 557 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -11.  «Барлығына  қарсы»  деген  жолда  белгісі бар - 6.

 Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

           Кереш Н.        –  491     

           Сисенгалиев Ж.- 49.           

     Саралжын  ауылдық округінің әкімі болып  Кереш Нарынбек Сегізбайұлы  сайланды.    1979 жылы  туған,  атқаратын жұмысы Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.  Мекен-жайы:  Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылдық округі, Саралжын   ауылы.  «Nur Otan»   партиясынан   ұсынылған.       

 

 

Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

СООБЩЕНИЕ
Дата публикации
17 марта 2025