Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІМ:
- Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Бөкей ордасы ауданының әкімі
|
|
Н. Даумов
|