Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Ұялы ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Ұялы ауылдық округтері

әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

          1.Бөкей   ордасы ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын:

1) Мұратсай ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша Мұратсай ауылдық округі аумағының шекарасында – Мұратсай сайлау округі құрылсын;

2) Ұялы ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша Ұялы ауылдық округі аумағының шекарасында – Ұялы сайлау округі құрылсын.

        2.Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округтерінің тізімі, шекаралары Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Орда жұлдызы» газетінде жариялансын.

        3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Бөкей ордасы ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасы                                  Б.Жумабекулы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Ұялы ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
07 августа 2024